Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жаяу жүргіншілерге жол бермеген 700-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды
- авторjambylinfo.kz
- 7 қазан, 2024
- 355
Бұл туралы жергілікті полиция департаменті мәлімдеді
Жыл басынан Жамбыл облысының аумағында жаяу жүргіншілерді өткізбеген көлік жүргізушілеріне қатысты 683 әкімшілік хаттама және жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге, жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қатысты 24 017 хаттама толтырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Жол қозғалысы кезінде артықшылықты пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жол бермегені үшін 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделгенін атап өту қажет. Қайта бұзушылық орын алған жағдай 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады,- делінген ПД хабарламасында.
Айта кететіні, осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған 4 көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру бойынша емтихан тапсыруға жіберілген
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз