сейсенбі, 22 қазан, 2024 14:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Есен Елеукен «Жайдарманнан» біржола кетті ме

Есен Елеукен «Жайдарманнан» біржола кетті ме
Есен Елеукеннің парақшасынан алынды
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды

Есен Елеукен "Жайдармандағы" кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Есен Елеукеннің айтуынша, Жанасыл Болатбек "Жайдарманның" жұмысына 2014 жылдан бері атсалысқан. Енді экс-басшы жобаның әрі қарай жандана түсетініне сенімді. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жаңа басшы Жанасыл Болатбекті құттықтап, ақ тілегін арнаған.

 "Қазақша КВН жұмысы басталғалы, міне, биыл 25 жыл болды. Қазіргі жағдайға жеткенше біраз қиындықты жеңіп, талай қызықты бастан өткердік. Айтпағым, ойлана келе 2014 жылдан бері өзі көрінбесе де, "Жайдарманның" ортасында жүрген, ішкі жұмыстарын жақсы білетін Жанасыл Болатбекке ұйымдастыру жұмыстарын толықтай тапсырдым. Бұл өзгеріс "Жайдарманның" бұдан әрі жанданып, елге, жастарға пайдасы арты түсетініне сенімдімін. Осы кезге дейін бейресми түрде осы қызметті атқарып келді, енді ресми түрде өз жұмысын бастамақ. Жанасылға сәттілік тілеймін! Айтпақшы 25 жылдыққа орай "Жайдарман" жанашырларына, ардагерлеріне кішігірім сыйымыз бар", - деді ол.  

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар