сейсенбі, 22 қазан, 2024 13:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республика күні қарсаңында Қордайда 3 шағын футбол алаңы ашылды

Республика күні қарсаңында Қордайда 3 шағын футбол алаңы ашылды
Сурет: Қордай ауданы әкімдігі
Бұл қордайлықтар үшін тамаша сый болды

Қордай ауданында шлағын футбол алаңдарының лентасы салаттанатты түрде қиылып, ақсалдар батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашты. Бұл спорт нысандарды ауылда бұқаралық спортты дамытуға зор үлесін қоспақ,деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атап айтқанда, Ноғайбай ауылы балаларының игілігіне шағын футбол және «Street workout» алаңы пайдалануға берілсе, ауданның шағынаудандарында да 2 су жаңа шағын футбол алаңы ашылды.

Бұл күні мерекеге орай жас жеткіншектерге спорттық құрал-жабдықтар тарту етіліп, шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Айта кетейік, шағын футбол алаңшаларының құрылысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жыл соңына дейін тағы 5 шағын футбол алаңы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жамбыл облысында ағымдағы жылы 12 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланған десек, оның төртеуі ел игілігіне табысталды.

Бұдан бөлек, 45 спорт алаңы ашылса, биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 66%-ға (2023 ж. - 64,9%), дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 41%-ға (2023 ж. - 40,2%) жеткізу жоспарлануда.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар