Қазақстан
«Өлім азаймай тұр». Соңғы жылдары қазақ әскерінде 310 сарбаз көз жұмған
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қыркүйек, 2024
- 196
Бұл 2020 жылдан бергі 4 жылдың көрсеткіші
2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Atameken business арнасына сілтеме жасай отырып.
Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-көлік оқиғасы, тағы басқалар.
Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың өлімі жылдан-жылға артып келе жатқанын айта кеткен жөн. Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев былтыр 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында армияда 270 сарбаздың бақилық болғанын мәлімдеген еді.
Төрт жылда 310 сарбаздан айырылсақ, жылына 77 жас жігіт қыршынынан қиылады деген сөз, олай болса аптасына бір сарбаз жан тапсырады деп топшылауға болады.
Келесі мақала