сәрсенбі, 9 қазан, 2024 15:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қызыңды тоқалдыққа беруге дайын бол»: Нұрлан имам тоқал алуға қатысты ойын айтты

«Қызыңды тоқалдыққа беруге дайын бол»: Нұрлан имам тоқал алуға қатысты ойын айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Ол көп әйел алу - отбасының шырқын бұзады дейді

Теолог, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы тоқал алуға қарсы екенін айтқан. Ол бұл туралы "Сырласу" бағдарламасында берген сұхбатында тілге тиек еткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Нұрлан Бекжігітұлының көп әйел алуды қолдамайтынын, мұнның себебін отбасында ұрыс-керістің көбейтінімен түсіндірген.

«Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын да. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама? Біреуге тоқал  болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама десеңізші... Әділдік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, онда  қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді, – деді имам.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар