«50 млн теңгеге Rolls-Royce алып беремін деп алдаған»: Алаяқтық жасады деген күдікті БАӘ-ден экстрадицияланды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 маусым, 2024
- 602
Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Күдікті 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан «Роллс-Ройс» маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, қашып кеткен.Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздестіруге жарияланған.
«Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды»,- деп жазылған хабарламада.