дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Не жеп өстің?»: бойы 2,4 метр әскер Таразда борышын өтеп жүр

«Не жеп өстің?»: бойы 2,4 метр әскер Таразда борышын өтеп жүр
Сурет: jambylinfo.kz
Сұңғақ бойлы сарбазбен жұрт суретке түсуге құмар

Тараз қаласында әскери борышын өтеп жүрген сұңғақ бойлы сарбазға жұрт тамсана қарап, суретке түсіп жатады, деп жазады jambylinfo.kz.

Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы, қатардағы жауынгер Сергей Швецов. Астана қаласының салқын самалына арқа тосып  өскен Сергей, бүгінде Тараздың аптап ыстығына да көндіккен.

 Сұңғақ бойлы сарбаздың бойы 2 метр, 4 сантиметр. Сергейдің ата-анасы мен жалғыз інісінің бойы 1 метр 80 сантиметрден асады екен. Ол өзінен ұзын адамды әлі кездестірмегенін айтты.

«Отбасымызбен сұңғақ бойлымыз. Бірақ мен бәрінен ұзындаумын. Жұрт көбіне «Не жеп өстің? Сұңғақ бойыңның сыры неде?» деп сұрайды. Бой ұзартудың ешқандай сыры жоқ, мен де жұрт қатарлы қалыпты жағдайда өмір сүріп жүрмін. Тек Құдай осылай ерекше бой беріпті. Адамдармен қарым қатынасты бойына қарап жасамаймын. Әсіресе әскердегі досымның бойы кішкентай. Менің отырғаным – досымның тұрған сәтіндегі бойымен бірдей. Мен қасынан өткенде жұрт жапа тармағай қызықтап қарайтыны рас. Суретке де түсіріп алатындар бар», – дейді Сергей.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз бір әні 26 млн қаралым жинаған өнерпаз солдат туралы жазған болатынбыз. 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар