дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Эта девочка по-порядно»: Қазақстандағы ең танымал әндердің бірін жазған жігіт Таразда әскери борышын өтеп жүр

«Эта девочка по-порядно»: Қазақстандағы ең танымал әндердің бірін жазған жігіт Таразда әскери борышын өтеп жүр
Сурет: jambylinfo.kz
Ғалымжан Дүйсенғазиннің осы әніне жастар талай rells түсірген

Хитке айналған «Эта девочка по-порядно» әнінің авторы Абай облысы, Аягөз қаласында туып өскен Ғалымжан Дүйсенғазин. Ол бүгінде Тараз қаласында әскери борышын өтеп жүр. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы, қатардағы жауынгер. Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың үйіне қайтуына 13 күн уақыт ғана қалыпты, деп жазады jambylinfo.kz.       

«Это девочка поп порядно» деген әнім әлеуметтік желіде 26 миллион қаралым жинады. Бұл әнді мен өзіме ұнап жүрген қызбен сәл түсініспей қалған кезде шығарған едім. Ол қызға «Мына ән саған арналған» деп ескертпедім. Уақыты келгенде айтармын. Маған көптеген блогерлер хабарласып, сол әнді қомақты қаражатқа сатуымды сұрайды. Мен сатқым келмейді. Себебі әнді жазу барысында менің басымнан кешкен сезімді өзім ғана түсінемін, білемін. Және жаңа шығарма жазар сәтте ең алдымен өзімнің сахнада ән айтып тұрған сәтімді елестетемін. Сондай үлкен әсермен жазылған әнді, қалай қиып біреуге бере саламын?! Әскерде жүріп 70-тен аса ән жаздым. Сонымен қатар отан алдындағы борышымды өтеп жүріп, жаныма жақын ең жақын жанға айналған сарбазға «Әскердегі досыма» деген әнді арнадым» – дейді Ғалымжан Мейрамбекұлы.

Ғалымжанның музыкалық білімі жоқ. Оның атасы Дүйсенғазы ел ішінде  домбырамен тамылжыта ән айтқан екен. Ғалымжанның жақындары бұл өнер атасынан берілген деп топшылайды. Әскери өмірді әнмен әрлеп жүрген жігіттің жас жеткіншектерге де өз айтары бар.

«Егер мүмкіндік болса, мен әскердегі борышымды қайта өтеуге екінші мәрте қалар едім. Себебі мұнда тәртіпке бағынып, өмірдің мәнін ұғасың. Ата-ананың қадірін білесің. Балалығыңды артқа тастап, отанға деген сүйіспеншілігің оянады. Енді 13 күннен соң ата-анаммен қауышатын күн туып тұр. Еркелеген баладан, ер жетіп, есейген, ақыл тоқтатқан саналы азамат болып, санаулы күндерден соң отбасыма оралатыныма қуаныштымын. Отан алдындағы борышыңды өтеу, әрбір азамат үшін маңызды. Нағыз адам болу үшін ер адамға әскерге бару міндетті» – дейді әнші сарбаз.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар