"112" нөміріне Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында, үйдің жанындағы магистральді каналда ер адамның суға кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы жіберілді. Оқиға орнына келген сүңгуір-құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Осылайша, сүңгуірлік жабдықтар мен қайықты қолдана отырып, құтқарушылар ағымдағы жылдың 24 тамызында ер азаматтың денесін тапты.
Жүргізілген жұмыстар барысында, құтқарушылар пластикалық бөтелкелер арасында каналда тұрып қалған итті құтқарып алғаның айта кеткеніміз жөн. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында суда қанша уақыт болғандығы белгісіз ит құтқарылды.
https://www.facebook.com/departament.emer.zhambul/videos/978506105923810/ Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз