Жаңа ғасыр жаңаша көзқарас қалыптастырды. Әсіресе, ел арасындағы іскер азаматтар айрықша белсенділік танытып, келер күнге сеніммен көз тікті. Мақсат жолында алға ұмтылып, мына қоғамда масылдыққа бой үйретудің арты керуенге ілесе алмаған ақсақ түйенің кебін кигізетінін, көштің соңында қалуға әкеп соқтыратынын ой елегінде екшеп, ерінбей еңбек етудің маңыздылығын ұғынды. Сондай уақытпен үндесе кәсіп көкжиегін кеңейткен жандардың бірі – Полатқосшы ауылдық округінің тумасы, «Шарипов» шаруа қожалығының төрағасы Абдумалик Шарипов. Абдумалик Тоқтасынұлы кәсіпкерлікке тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ ден қойған. Түрлі қиындыққа қарамастан алға ұмтылды. Нәтижесінде, кәсібі қанатын кеңге жайды. Бүгінде егін шаруашылығын өркендетіп жүрген азаматты ауыл, аудан тұрғындары жақсы таниды. Кәсіпкерлікте жолы болған азаматтың жомарттығы, мәрттігі өз алдына. Қожалық басшысы пияз, картоп, сәбіз, қант қызылшасын өсірумен айналысады. Қазіргі таңда шаруашылық Айшабибі ауылдық округінде 100 гектар пияз, 50 гектар қант қызылшасын, Қарасу ауылдық округінде 30 гектар қант қызылшасын, Талас ауданы Ақкөл ауылында 20 гектар қант қызылшасын өсіруде. Шаруашылықта 30 адам тұрақты жұмыс істейді. Ал, науқан кезінде қосымша 50 адам жұмысқа тартылады. – «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Абдумалик ауылдағы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуді әдетке айналдырған. Жуырда 76 отбасыға 1 қаптан картоп берсе, республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында 50 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлікті табыс етті. Сонымен қатар, карантин режимі кезінде Полатқосшы дәрігерлік амбулаториясының 68 қызметкеріне де 1 қаптан картоп үлестірді. Абдумалик Шарипов Қордайдағы жағдайға және Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы 7 елді мекен су астында қалғанда да қарап қалған жоқ. Қолдан келген көмегін аямады, – дейді Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиев. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына жергілікті кәсіпкерлердің қосып отырған үлесі зор. Осы ретте сөз алған ауыл әкімі Ержан Данаев: – Әбекең абыройы биік, арды ойлаған азамат. Ауыл тұрғындары оны қолы ашық, жаны жомарт адам дейді. Ол үнемі көмекке мұқтаж жандарға дем беріп жүреді. Округте атқарылып жатқан жұмыстарға да бей-жай қарамайды. Қажет болса техникаларын беріп, көмектеседі. Міне, ол осы ісімен көпке үлгі және сыйлы болып жүр, – деді
Жамбыл ауданы баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Адам іздеп шығып, итті құтқарды
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024