сейсенбі, 24 маусым, 2025 16:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Air Astana мен FlyArystan рейстері Шымкент әуежайының жаңа терминалына көшеді

Air Astana мен FlyArystan рейстері Шымкент әуежайының жаңа терминалына көшеді
Pixabay.com
27 мамырдан бастап Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары рейстерді Шымкент халықаралық әуежайының жаңа "А" терминалынан ұшырып, қабылдай бастайды.

Air Astana жаңа терминалдан алғашқы рейсін Доха қаласына аттандырмақ. Ал FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі – FS7108 Шымкент – Алматы бағыты бойынша сағат 14:50-де ұшады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа терминал 2024 жылдың 25 желтоқсанында салтанатты түрде ашылған болатын. Сол кезде Шымкент әкімі Ғабит Сыздыбеков алғашқы кезеңде бұл жерден тек SCAT әуе компаниясының рейстері ұшатынын, кейін басқа тасымалдаушылар да қосылатынын айтқан еді. Айтқанындай, бірнеше ай бойы терминал тек SCAT рейстерін ғана қабылдады.

Бұл жағдай Air Astana мен FlyArystan жолаушыларының наразылығын туғызды: олар ескі терминалдағы тарлық пен ыстыққа шағымданған, ал кең әрі заманауи жаңа терминал бос тұрған.

Жаңа терминалдың аумағы 39 мың шаршы метрді құрайды және ол сағатына 2000 жолаушыны қабылдауға қауқарлы.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар