сәрсенбі, 18 маусым, 2025 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Алматының жаңа әкімін қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысы Алматының жаңа әкімін қабылдап, нақты міндеттер жүктеді
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуде Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына алдағы жұмыс бағыттары туралы баяндап, әлеуметтік-экономикалық дамуға, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты жоспарларын таныстырды.

Президент мегаполистің дамуына қатысты бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесінің жағдайын жақсарту және экологиялық мәселелерді шешу тапсырылды.

Дархан Сатыбалды Алматы әкімі қызметіне 24 мамырда кірісті. Ол бұл қызметте 2022 жылдың 31 қаңтарынан бері жұмыс істеген Ерболат Досаевтың орнын басты.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар