бейсенбі, 10 сәуір, 2025 14:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты халықаралық конференция өтті

Алматыда «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты халықаралық конференция өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматыдағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен конференциясы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей тарапынан Антон Рыбаков пен Григорий Гуров, екі елдің сарапшылары мен жастар өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Аида Балаева қатысушыларды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың лебізін жеткізді:

 «Қазақстан адамзаттың ортақ Жеңісіне, Жер бетінде әділдік пен бостандықтың орнауына зор үлес қосты. Біз бүгін бейбіт өмір сүріп, еңбек етіп, болашақты құру мүмкіндігіне ие болсақ – бұл батыр халқымыздың ерлігі мен жанқиярлығының арқасы. Олар ешқашан ұмытылмайды».

Министр соғысқа қазақстандықтардың әрбір бесіншісі қатысқанын атап өтіп, ерлігімен ел есінде қалған батырларды – Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Қасым және басқаларды ерекше атады. Кеңес Одағының Батыры атағын 528 адам иеленген.

Соғыс жылдары Қазақстан тек майданда емес, тылда да ерлік көрсетті. Мәдениет саласы да маңызды рөл атқарды: концерттік ұйымдар 36 мыңнан астам шара өткізсе, эвакуацияланған киностудиялар отандық кинематографияның негізін қалады.

1943 жылы Шәкен Айманов «Белая роза» фильмінде ойнаса, 1944 жылы Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди алғашқы мемлекеттік гимнді жазды. Сонымен қатар, айтыс өнері қайта жаңғырды, Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі туды.

Конференция Қазақстан мен Ресейдің Жеңіс мерейтойына арналған іс-шаралар сериясының бастауы болды.

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар