сенбі, 2 қараша, 2024 21:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ардагерлер жастармен жүздесті

Ардагерлер жастармен жүздесті
ашық дереккөзі
Ардагерлер жастармен жүздесті
Халықаралық қарттар күнінде жыл сайын алдыңғы буынның ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан үлесіне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке өз деңгейінде аталып өтті. «Қарттарым – асыл қазы­нам!». Осыны ұран еткен жамбыл­дық жастар айтулы күні аудан арда­герлерімен кездесті. Аға буын өкілдерінің өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихат ету мақсатында өткен басқосуға «Жастар ресурс­тық орталығы» мұрындық болды. Кездесуде жастар мен жасы келгендер арасында емен-жарқын әңгіме өрбіді. Кейінгі ұрпақ ардагерлердің жетістіктерімен танысып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Қарттар күніне арнап шағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Жастармен бірге облысқа белгілі өнер иесі Ахан Сыдықов та домбырамен күй тартып, ән айтты. Бесағаш ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жетібай Бөрібеков, Гродиково ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төрегелді Үсіпбеков салмақты сөз сабақтап, ардагерлердің қоғамдағы рөліне тоқталды. Ардагерлер қоғамның алтын қоры екенін айтты. Қоғамның іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынға өнегелі тәрбие беріп, елжандылыққа баулу сияқты моральдық нормалардың бастауында қазыналы қарттары­мыздың тұрғанын әрқашан есте сақтау қажеттігін, сонымен қатар еліміздің жас азаматын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалып­тас­тыруда ардагер ата-әжелердің өмірі мен еңбек жолдары үлгі екендігін алға тартты. Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Сайлаубек Ережепбаев жастармен бильярд ойнап, тәжірибесімен бөлісіп, шеберлігін көрсетті. Соңынан ауданның құрметті ардагері Орынбай Рысбаев бата берді. Ильяс Қалыбеков, «Шұғыла»
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар