жексенбі, 13 сәуір, 2025 0:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Арманына жеткен сәт: Димаш Құдайберген Ақтауда ерекше жанмен жолықты

Арманына жеткен сәт: Димаш Құдайберген Ақтауда ерекше жанмен жолықты
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Әлемді өз өнерімен тамсандырған қазақтың маңдайалды әншісі Димаш Құдайберген Маңғыстау өңірінде өткен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу рәсіміне арнайы қатысып, жүрек тебірентерлік кездесуге себепкер болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шарадан кейін Димаш 23 жастағы мүмкіндігі шектеулі жанмен жеке жүздесіп, көптен күткен арманды шындыққа айналдырды. Жас жігіт үшін бұл күн ерекше маңызға ие болды – ол өзінің кумирімен бетпе-бет кездесіп, қуанышқа кенелді.

Кездесу кезінде Димаш ерекше жанның анасына гүл ұсынып, жылы лебізін білдірді. Ал ана жүрегі қуаныштан лүпілдеп, көптен күткен арманының орындалғанына көз жасын әрең тыйды.

«Ұлым осы сәтті ұзақ жылдар бойы армандап келді. Бүгін сол арман орындалды. Бұл қуанышты сөзбен сипаттау қиын. Димашқа алғысым шексіз», – деді ол толқып тұрып.

Димаш та қолдауға мұқтаж жастың өнерге деген сүйіспеншілігіне ризашылығын білдіріп, қолындағы білезігін естелік ретінде тарту етті.

Кездесу соңында қос жүрек бірігіп, “Махаббат бер маған, тағдыр” әнін қосыла шырқады. Бұл сәт залдағылардың көз жасын тия алмас сиқырлы мезетке айналды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар