Астанада дәрігерлер ғажайып жасап, жүрегі тоқтаған сәбиді қайта тірілтті
- авторБақытжан Бекболат
- 3 сәуір, 2025
- 422

Астанада дәрігерлер жүрегі он минутқа тоқтап қалған алты айлық сәбиді ажалдан арашалап қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға үйде болған. Ходунокта жүрген бала үстіне қайнаған суы бар шайник құлатып, кеуде тұсын қатты күйдіріп алған. Күйіктің ауырсыну салдарынан жүрегі тоқтап қалған.
Ауруханаға бара жатқан жолда сәбидің клиникалық өлімі басталған. Дәрігерлер жедел түрде реанимациялық шаралар жасап, адреналин егіп, жүрек соғысын қалпына келтірді.
Бір апта жансақтау бөлімінде жатқаннан кейін сәби өздігінен тыныс алып, тамақ іше бастады. Мамандар бұл жағдайды ерекше оқиға деп бағалап отыр, өйткені мұндай ұзақ уақытқа жүрек тоқтауы көбіне ауыр зардаптарға әкеледі.
Қазіргі таңда сәбидің жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер ата-аналарға кішкентай балалардың қасында ыстық сұйықтықтарды мұқият қою керектігін ескертеді.