Мемлекет басшысы Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 сәуір, 2025
- 145

«Орталық Азия – Еуропа одағы» саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барған Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен кездесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы:
шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40%-дан астамы ЕО-ға тиесілі;
2024 жылы Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 млрд долларға жуықтады (ЕО мен ОА арасындағы сауда көлемінің 80%-ы).
Президенттер:
экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды;
өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атады.
Тоқаев сондай-ақ Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді.