бейсенбі, 10 сәуір, 2025 14:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз тұрғыны өртенген көліктен адамдарды құтқарып, ерлігі үшін марапатталды

Тараз тұрғыны өртенген көліктен адамдарды құтқарып, ерлігі үшін марапатталды
Ашық дереккөз
Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді

Манапбай Заурбек Бақтыбекұлы өртенген көліктен жүргізуші мен жолаушыны құтқарып, батылдығы үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға 8 қазанда Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінде болған. Техникалық қызмет көрсету станциясының жанында жол апаты орын алып, BMW-520 автокөлігі отқа оранды. СТО қызметкері Манапбай Заурбек көмекке жүгіріп, адамдарды қауіпсіз жерге шығарды. Кейін Chevrolet Niva жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетіп, құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметін шақырды.

Тараздық Манапбай Заурбек Бақтыбекұлы өртенген автокөліктен жүргізуші мен жолаушыны құтқарып, өз өмірін қатерге тікті. Батылдығы мен жанқиярлығы үшін ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

«Заурбек шынайы ерлік көрсетті. Кез келген адам мұндай қадамға бара бермейді – бұл батылдық пен табандылықтың белгісі», – деп атап өтті ТЖД басшысы, полковник Арман Тоқанов.

Ерен ерлігі үшін Манапбай Заурбек Бақтыбекұлы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары марапатына ие болды.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар