Жаңалықтар
Таразда ер адамды қастандықпен өлтірген күдікті ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 сәуір, 2025
- 155

Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде таралған жантүршігерлік видеодағы ер адамды қастандықпен өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ағымдағы жылғы 1 сәуірде ауқымды жедел іс-шараларды жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 наурызда облыс орталығының «Жайлау» шағын ауданында мәйіті табылған ер адамды өлтірді деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Еске салсақ, бұл қылмысты ашу үшін жедел топ құрылып, күдіктінің орналасқан жерін анықтау және ұстау, сондай-ақ дәлелдемелер базасын бекіту үшін үлкен жұмыс көлемі жүргізілді.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда және Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
Келесі мақала