Атасының өлгенін мемлекеттен жасырып, зейнетақысын алып отырған азамат 3 жылға сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 шілде, 2024
- 851
Прокуратура атасының өлгенін мемлекеттен жасырып, жылдар бойы зейнетақысын алып келгенін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегіне сүйенсек, Ақмолада зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүргізілген талдау барысында 1937 жылы туған зейнеткердің 2021 жылы Зеренді ауылында қайтыс болғаны анықталған. Ал, оның өлгенін мемлекеттен жасырған пайдакүнем немересі қайтыс болған адамның зейнетақы банк картасын пайдаланып, зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгені құрайды.
Осы факті бойынша Зеренді ауданының прокуратурасы ҚР ҚК 1- тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау немесе ірі мөлшерде жасалған алдау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алу). Зеренді аудандық сотының үкімімен қаскүнем ҚК-нің 190-бабы 3- бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 3 жылға бас бостандығынан айрылды, сондай-ақ көрсетілген залал сомасы мемлекет кірісіне өндірілді,- делінген ресми хабарламада.