Атырауда көлік қаққан 8 жасар қыз оқиға орнында жан тапсырды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:42
- 41
Атырау қаласында Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 8 жасар оқушы қызды көлік қағып кетті. Салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ПД мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 7:45 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған жеткіншекті Toyota Hiace автокөлігі қағып кеткен. Жүргізуші — 52 жаста.
— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңбыр, жел және тұман: демалыс күндері ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 сәуір, 2026






