бейсенбі, 17 сәуір, 2025 21:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атыраулық бүлдіршін Президенттің алғысын алды

Атыраулық бүлдіршін Президенттің алғысын алды
gov.kz
Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Атырауда үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанның қарапайым әрі жүрекке жылы әрекеті көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ораза айттан кейінгі таңда қаладағы ықшамаудандардың бірінде тазалық жүргізіп жүрген балақайдың видеосы әлеуметтік желіде кең таралып, тіпті Мемлекет басшысына дейін жетті.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Дінмұхаммед пен оның ата-анасымен арнайы кездесіп, алғысын білдірді. Бүлдіршіннің табиғатқа деген жанашырлығын ерекше атап өткен әкім, оның ісі көпшілікке үлгі екенін айтты. Кездесу барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебай Мемлекет басшысының атынан жолдаған алғыс хатын табыстады.

– Кейде көп сөздің орнына бір әрекеттің өзі жеткілікті. Дінмұхаммед кішкентай болса да, үлкен тәрбие көргенін көрсетті. Бұл — отбасыдағы тәлімнің, тазалық пен жауапкершілікке деген көзқарастың айғағы. Мұндай істер Мемлекет басшысы бастамашы болған “Таза Қазақстан” жобасының мәнін тереңірек түсінуге себеп болады. Бұл жай ғана акция емес, өмір салтына айналуы тиіс, – деді С. Шәпкенов.

Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрошев ұлының әрекетін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген тұрғынға да алғысын білдірді.

– Біз мерекені өзіміздің ықшамауданда атап өттік. Ұлымыздың әрекеті ел жүрегінен орын табады деп ойламадық. Оның тілі кеш шыққан еді, кейін балабақшаға бердік, мүмкін, ол жақтан да көп нәрсе үйренген болар. Бірақ ең бастысы – отбасымызда тазалық пен тәртіпке үлкен мән береміз. Мен ұлымның болашақта нағыз ел патриоты болып өскенін қалаймын, – деді әкесі.

Кездесу соңында облыс әкімі Дінмұхаммедке естелік сыйлықтар табыстап, ата-анасына ризашылығын жеткізді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар