дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қайрат Нұртастың да есімі бар «Айка тізімін» жасаған қыз 6,6 жылға сотталды

Қайрат Нұртастың да есімі бар «Айка тізімін» жасаған қыз 6,6 жылға сотталды
Коллаж: Ернар Балғабай
Сот отырысы жабық өтті

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдаған, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп айпыталған Айғаным Мырзахметова 6,6 жылға сотталды. Оның сыбайласы 3 жыл сегіз айға қамалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тергеу органы Айғаным Мырзахметованы аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деген айыптар тақты.  Ал, оның сыбайласына бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деген айып тағылды.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Белгілі болғандай, 2023 жылдың мамыр айында М. аса ірі мөлшерде мефедронды (психотроптық затты) сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.

Сондай-ақ М. 2020-2023 жылдар аралығында материалдық пайда алу мақсатында Т.-мен бірлесіп, интимдік қызмет көрсету үшін жеңгетайлық жасаған.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар