дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Прокурорлар Меркіде төрт жетім балаға мемлекеттен тиесілі үйлерін алып берген

Прокурорлар Меркіде төрт жетім балаға мемлекеттен тиесілі үйлерін алып берген
Коллаж: jambylinfo.kz
Аудан әкімдігі тұрғын үй кезегінде тұрған балаларды кезектен заңсыз алып тастап отырған

Меркі ауданының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға бірінші кезектегі құқығы бар тұлғалар арасында тұрғын үйлерді бөлу кезінде заңнаманы бұзуға жол бергені анықталды. Мәселен, 2022 жылы аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетім балаға баспана бермеген. Осылайша, жетім балалар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылды», - деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.

Прокурорлар 3 бала тұрғын үй кезегіне қайта қойып, 4 балаға құқықтық құжаттарды рәсімдей отырып, тұрғын үй қорынан пәтер алып берген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар