Жамбылдық шарулар отандық өнертапқыштардың өнімдерін жоғары бағалап отыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 21 мамыр, 2024
- 539
Таразда «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбында өтіп жатқан көшпелі ғылыми отырысқа қатысқан жамбылдық шарулар отандық ғалымдардың еңбегіне жоғары баға берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Т.Рысқұлов ауданынан келген шаруа Сәбит Бакиров пен Жуалы ауданынан келген Тұрсынкүл Жанқұлова отандық ғалымдар өндіріп отырған полилактоз және бентобак өнімдері малды бордақылау және оларды түрлі инфекциялық аурулардан сақтауда пайдасы зор екенін алға тартты.
"Міне 3 жылдан бері осы аталған отандық өнімдерді қолданып, игілігін көріп жатырмыз. Өзіміз бұқа бордақылаумен айналысамыз. Бұл препараттардың пайдасы зор. Тұрақты түрде аламыз, бағасы да қолжетімді, "- дейді Жуалыдан келген шаруаТұрсынкүл Жанқұлова.
Ал Т. Рысқұлов ауданынан келген Сәбит Бакиров аталған препараттарды қолданғаннан бері мал аурулары күрт азайғанын айтты. Айта кетейік, бұл өнімдер Амангелді Құрбанұлы атындағы микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығында өндіріледі.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024