Қазақстан қалалары өмір сүру құны бойынша қай деңгейде
- авторБақытжан Бекболат
- 24 қыркүйек, 2025
- 962
2025 жылдың маусым айында Numbeo порталы қалалардағы өмір сүру құны жөніндегі деректерді жаңартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл – дүние жүзінің тұрғындары азық-түлік, қызмет түрлері мен тұрғын үй бағаларын бөлісетін ең ірі база. Сол мәліметтердің негізінде рейтинг жасалады. Бағалау үшін Нью-Йорк (АҚШ) эталон ретінде алынған, оған 100 ұпай берілген.
Биылғы маусымдағы жаһандық рейтингте ең қымбат қалалардың көшін Швейцария бастады. Алғашқы алты орынға бірден Цюрих (112,5), Женева (111,4), Базель (110,7), Лозанна (110,5), Лугано (108,4) және Берн (103,4) енді.
Қазақстанның ірі қалалары тізімнің төменгі бөлігінде жайғасты: Алматы – 346-орында (29,4), Астана – 366-орында (26,5). Салыстырар болсақ, Орталық Азия мен ЕАЭО аясында Алматы мен Астанадағы өмір сүру құны Мәскеуден (230-орын, 45,2) және Ереваннан (257-орын, 41,5) арзан. Қазақстан астаналарының көрсеткіші көршілес елдердің қалаларымен шамалас – Бішкек (26,8), Ташкент (26,2) және Минскпен (26,4) бір деңгейде.
Тұрғын үйді жалға алу бағасы есепке қосылғанда, көрсеткіштер өзгереді: бұл жағдайда Орталық Азия мен ЕАЭО қалалары біршама жоғары орынға жылжиды. Нью-Йорк жалға алу ақысы да ескерілген өмір сүру индексі бойынша да (100 ұпай) әлемдегі ең қымбат қала саналады. Мұндағы бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы – айына 4,2 мың доллар. Ал Швейцария қалалары одан кейін тұр: мысалы, Цюрих пен Женевада жалға алу құнын қоса есептегенде өмір сүру Нью-Йорктен тиісінше 6,8% және 9,4% арзан.
Орталық Азия мен ЕАЭО аясында тұрғын үйді жалға алу құнын қосқанда ең қымбат қалалар қатарында Мәскеу (39,2) мен Ереван (31) алда келеді. Оларды Алматы (22,9) қуып келеді. Ал Астана (19,7) тізімде Минскіден (19,5) ғана қымбат болып шықты. Бұл ретте Ташкент (21,1) пен Бішкек (20,2) Алматы мен Астананың ортасында орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






