сенбі, 31 қаңтар, 2026 3:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді
Canva
Ақпан айы елімізде маңызды жаңалықтарға толы болмақ.

2026 жылдың ақпан айы ел тұрғындары үшін бірқатар маңызды өзгерістермен басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Төменде ақпан айынан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер мен маңызды оқиғалар ұсынылады.

Оқушылар бір апталық демалысқа шығады 

Ақпан айында бірінші сыныпта оқитын балаларға қосымша тынығу уақыты қарастырылған. Биыл олар 9–15 ақпан аралығында каникулға шығады.

Ақпан айындағы ауа райы болжамы

«Қазгидромет» мамандары 2026 жылдың ақпанына арналған синоптикалық болжамды ұсынды. Ай бойы қыс мезгіліне тән салқын ауа райы сақталады, дегенмен айдың соңына қарай температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында сынап бағаны −13…−18°C шамасында болады. Ал оңтүстік өңірлерде күндіз ауа +3°C-қа дейін жылынуы мүмкін.

Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерге тест тапсыру міндеттеледі

Қазақстан азаматтығын рәсімдегісі келетіндер үшін емтиханға өтініш қабылдау 3–10 ақпан аралығында жүргізіледі. Құжатты Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Сынақ 11 ақпанда өтеді. Ол үш пәннен тұрады:

Қазақ тілі – 30 сұрақ (ең төменгі балл – 15)

ҚР Конституциясының негіздері – 40 сұрақ (ең төменгі балл – 20)

Қазақстан тарихы – 30 сұрақ (ең төменгі балл – 15)

Қысқы Олимпиада ойындары бастау алады

6–22 ақпан күндері Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада өтеді. Бұл додада Қазақстан атынан 36 спортшы ел намысын қорғайды. Қазіргі таңда ұлттық құрама бірнеше спорт түрі бойынша жолдама иеленген.

Балаларға арналған ұлттық қор төлемдері аударылады

2026 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, 2024 жылдың 1 ақпанынан бері мақсатты жинақты алу үшін 205 505 өтініш орындалған.

31,61 млн АҚШ долларынан асатын қаражат уәкілетті ұйымдар арқылы 18 жасқа толған азаматтардың есепшоттарына жіберілген.

2025 жылға арналған инвестициялық табыс пен мақсатты төлемдер 2026 жылғы 1 ақпанға дейін қатысушыларға толықтай есептеледі. Сонымен қатар, 2008 жылы дүниеге келген, биыл 18 жасқа толатын азаматтардың жинақтары да осы мерзімге дейін аударылады.

Рамазан айы басталады

Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызда тойланады.

Білім беру ұйымдарын тексерудің жаңа ережесі күшіне енеді

1 ақпаннан бастап мектептерде, балабақшаларда, лагерьлер мен балаларға арналған мекемелерде бақылаудың жаңартылған тәртібі қолданысқа енгізіледі. Негізгі мақсат — балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Жаңа тексеру жүйесі кемшіліктерді жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Оқу орындарының оқу жылына, лагерьлердің маусымға және медицина мекемелерінің эпидемиологиялық дайындық деңгейі арнайы тапсырмалар негізінде бағаланады.

Маңызды жайт — алғашқы тексеру кезінде айыппұл салынбайды, мекемелерге олқылықтарды түзетуге уақыт беріледі.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар