сенбі, 31 қаңтар, 2026 3:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Боран, жаңбыр, көктайғақ: алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы күрт нашарлайды

Боран, жаңбыр, көктайғақ: алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы күрт нашарлайды
istockphoto.com
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты ел көлемінде ауа райы құбылмалы сипат алып, түрлі табиғи құбылыстар байқалмақ.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың көп бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсіп, кей жерлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Тек елдің орталық және шығыс аймақтарында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп күтілуде.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ құбылыстары болжанып отыр. Бұл жағдайлар жол қозғалысына және күнделікті тұрмысқа айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Ауа температурасы өңірлерге байланысты әртүрлі болады. Солтүстік аймақтарда түнде ауа температурасы 12–23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 8–18 градус аяз шамасында сақталады. Орталық облыстарда түнгі уақытта 5–17 градус аяз, ал күндіз 0–10 градус аяз күтіледі.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: түнде 6 градус жылы мен 7 градус аяз аралығында, күндіз 3–13 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі температура 0–10 градус аязға дейін төмендеп, таулы аудандарда 12–17 градус аязға жетеді. Ал күндіз 3–10 градус жылы, таулы аймақтарда 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында болады.

Елдің қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгерістері күтілмейді. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуға және сақтық шараларын ұстануға шақырады

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар