жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады
Pixabay.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының көп бөлігінде Атлант циклонының ойпаты мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері байқалады. Соның салдарынан елдің көп өңірінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжануда. Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ пен желдің күшеюі күтіледі. Ал шығыс, солтүстік және орталық облыстарда төменгі бұрқасын болуы мүмкін.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.

Ауа температурасы келесідей болады деп болжануда:

Солтүстікте: түнде –5…–12°С, күндіз –0…–6°С;

Солтүстік-батыста: түнде –2…–10°С, күндіз –0…–5°С;

Орталықта: түнде –3…–13°С, күндіз –6…+3°С;

Шығыста: түнде –8…–20°С, күндіз –0…–10°С.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз қалады.

Мамандар көктайғақ кезінде жолда абай болуға, ал қатты жел мен бұрқасын күтілетін аймақтарда сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар