Қазақстанда өгей қызын өлтірді деген күдікті әйел 20 жылға сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2024
- 869
Былтыр шілде айында жеті жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен қолға түскен қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек 20 жылға сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Судья Ерлан Болатов сотқа келіп түскен дәлелдер мен куәгерлердің сөзін ескере отырып, күдіктіні 20 жылға соттады.
«Сот Балжан Тұрлыбекті Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 3 тармағы бойынша кінәлі деп танып, қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде 20 жыл жазасын өтеуге кесті. Оның 2023 жылдың 10 шілдесінен бері қамауда отырған бір күні бір жарым күнге есептелсін», - деді үкімді оқыған судья.
Айта кетейік, шілде айында Алматыдағы пәтерлердің бірінен жеті жастағы қыздың мәйіті табылған. Оның өліміне күдікті ретінде өгей шешесі қолға түскен. Ол әуел баста қыз жуынатын бөлменің ішіне дәрет сындырған соң, ұрдым десе, артынан кінәсін мойындамай, баланы әкесі өлтірді деген мәлімдеме жасаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз