"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, 16-18 қыркүйек аралығында республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтілуде. Ал елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Республиканың барлық аймақтарында желдің күшеюі байқалады. Кезеңнің соңында солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
"Ауа температурасы: елдің батысында түнде 5-16° жылы, күндіз 18-28° жылы, солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, аймақтың солтүстігінде топырақ бетінде 1° үсік, күндіз 15-23° жылы. Солтүстікте түнде 2-10° жылы, батыс пен солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-23° жылы. Орталықта түнде 2-11° жылы, күндіз 10-20° жылы. Шығыста температураның көтерілуі күтіледі: түнде 1-6° жылы, солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-20° жылы. Елдің оңтүстігінде түнде 8-18° жылы, күндіз 15-25° жылы, оңтүстік-шығыста түнде 10-18° жылы, күндіз 15-25° жылы", — делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






