Қазақстанда жыл басынан бері қандай өнімдер арзандады
- авторБақытжан Бекболат
- 19 сәуір, 2025
- 532

Ведомствоның мәліметінше, жұмыртқа бағасы 3 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл өнім халықтың күнделікті тұтынатын негізгі тағамдарының бірі болып есептеледі. Оның бағасының тұрақтылығы мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының нәтижесі. Ақпан айында министрлік, салалық қауымдастықтар мен сауда желілері жұмыртқаның C1 санаты бойынша ең жоғарғы көтерме бағасын белгілеу жөнінде меморандумға қол қойған. Құжатқа сәйкес, жұмыртқаның бір данасы қосылған құн салығын ескере отырып, 55 теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар, шекті сауда үстемесі сақталып, қосымша маржа қосуға тыйым салынған.
Осы шаралардың арқасында сәуір айы бойы жұмыртқа бағасы тұрақты болды. Апта қорытындысы бойынша да өзгеріс байқалмаған. Қаңтарда C1 санатындағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 548 теңге болса, ақпанда – 546 теңге, наурызда – 536 теңге, ал сәуірде – 531 теңге болған.
Бұдан бөлек, бағасы арзандаған басқа да өнімдер:
күріш – жыл басынан бері 4,7% арзандады,
ұн – 1,8% төмендеді,
қарақұмық жармасы – 0,3% арзандады.
Сонымен қатар, ірімшік, күнбағыс майы мен макарон бағасы тұрақты қалпында қалып отыр. Соңғы аптада бұл тауарлардың бағасында айтарлықтай өзгеріс байқалмаған, тек 0,1% шамасында ғана ауытқу бар.
Ал кейбір көкөністердің бағасы сәл көтерілген:
қырыққабат – 3,5%,
сәбіз – 1,6%,
пияз – 1,8%,
картоп – 1,7% өскен.
Министрлік өкілдері көкөніс бағасының өсуі маусымдық сипатқа ие екенін, әдетте бұл сақтау мен тасымалдауға кететін шығындардың артуымен байланысты болатынын атап өтті.
Сәкен Бибосынов – Хабаровск турнирінің чемпионы
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ҚҚС 16% болды: жаңа Салық кодексі Мәжілісте қабылданды
- авторБақытжан Бекболат
- 30 сәуір, 2025