дүйсенбі, 5 мамыр, 2025 16:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сәкен Бибосынов – Хабаровск турнирінің чемпионы

Сәкен Бибосынов – Хабаровск турнирінің чемпионы
olympic.kz
Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан халықаралық бокс турнирінде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алтын медаль жеңіп алды.

54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен финалда ресейлік қарсыласы Денис Палшинді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Турнирде ел намысын қорғап жатқан өзге де боксшыларымыз шешуші жекпе-жектерге шыққалы жатыр. 92 келіде Сағындық Тоғамбай, ал аса ауыр салмақта Нұрлан Сапарбай рингке көтеріледі.

Әйелдер құрамасынан үш спортшымыз жүлдегер атанды:

– Айдана Забынбекова (57 келі)

– Римма Волосенко (60 келі)

– Ұлдана Таубай (66 келі) – барлығы күміс медаль иеленді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар