сәрсенбі, 6 қараша, 2024 5:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық азаматтардың кредитін кешіру ұсынылды: Үкімет жауабы қандай

Қазақстандық азаматтардың кредитін кешіру ұсынылды: Үкімет жауабы қандай
ашық дереккөзі
Қазақстандық азаматтардың кредитін кешіру ұсынылды: Үкімет жауабы қандай
Қазақстанда қарыз алушылар үшін кредиттік рақымшылық жасау туралы ұсыныс қолдау таппады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің "Халық коммунистері" фракциясы депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды. "Кредиттік рақымшылық енгізу туралы ұсыныс тізбекті реакцияны және барлық қарыз бойынша міндеттемелердің жаппай орындалмауына әкеледі. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банк салымшылары мен басқа клиенттері алдындағы банктің өз міндеттемелерін орындауына қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады", - делінген үкімет басшысының жауабында. Мамин банктердің кредит беруі тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті. Банк қорының негізгі көзі – депозиттер, оның банк секторы міндеттемелері құрылымындағы үлесі – 78%. Үкімет басшысы 2019 жылы президенттің тапсырмасымен қиын жағдайға тап болған қарыз алушылардың "кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейін өтеу түрінде бұрын-соңды болмаған әлеуметтік көмек көрсетілгенін" еске салды. "578 мың азаматтың 120 миллиард теңге кредит бойынша берешегі есептен шығарылды. Оның 52%-інің берешегі толық көлемде өтелді. Барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша қосымша 33,6 миллиард теңгеге 1,2 миллион азаматтың айыппұлдары есептен шығарылды", - деп толықтырды Мамин. nur.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар