Бүгін елімізде қар аралас жаңбыр жауады
Бүгін еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатындықтан, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болу мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с дейін жел күшеюі мүмкін.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, 15-25 м/с дейін жел күшеюі мүмкін.
Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады.
Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік жүруі ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала