Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Бүгін республиканың басым бөлігіне Карск аймақтарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан найзағай, жаңбыр, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың кей жерінде екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. Түнде және таңғы уақытта еліміздің солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде тұман күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін, Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с дейін жететін жел болжанады.
Ақтөбе облысының кей жерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерде шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
2024 жылы Илон Маск адамдарды Марсқа аттандырмақ ниетте
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ұлттық банк футболға арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
- авторjambylinfo.kz
- 31 желтоқсан, 2024