«Балапанды» неге хатун-қызляр ғана басқарған?». Танымал журналист қазақ балалар арнасына қатысты мәселе көтерді
- авторjambylinfo.kz
- 3 маусым, 2024
- 701
Танымал журналист, тележүргізуші Данияр Есен «Balapan» телеарнасын басқаруға тәжірибесі де, идеясы да жететінін хабарлап, бұрынғы басшылардың бәрі тек әйел болғанына назар аударды, деп жазады jambylinfo.kz.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын журналист Индира Тұрсынбай канал басшылығынан кететінін мәлімдеген еді.
«Balapan» арнасын осы уақытқа дейін тек хатун-қызлар басқарыпты: Жанар Шәмел, Ләйла Сұлтанқызы, Мақпал Жұмабай, Қымбат Досжан, Индира Тұрсынбай. Әрине, әрқайсысының өз орны бар. Бірақ, неге еліміздегі жалғыз балалар арнасын тек әйелдер басқарған? Сонда ер азаматтардың бала тәрбиесіне қатысы жоқ па? Онсыз да білім саласында - әйелдер, бала жүрген жердің бәрінде - әйел. Бала тәрбиесіне жауапты болып, отбасын сүттей ұйытып отырған қаншама әке бар», - деп жазды ол.
Осы орайда Данияр Есен өзін балалар мен жасөспірімдер тақырыбында жеті жылдан бері қалам тербеп жүргенін хабарлады.
«Бұл туралы Инстаграмдағы оқырмандарым жақсы біледі. Тіпті, біреулер маған “Қазақтың Шалва Аманашвилиі” деп ат қойып алыпты. Мақтанғаным емес, бала тәрбиесіне атсалысып жүрген аз ғана Әкенің бірімін. “Әкелер Одағы” төрағасының орынбасары болдым. Баланың тілін мен сияқты түсінетін әке аз. “Балапан” телеарнасын басқаруға менің қабілетім де, білімім де жетеді. “Қазақстан” телерадиокорпорациясына бөтен емеспін. 20 жылым осы корпорацияда өтті. Осы уақытқа дейін басшылық қызметтерге менің кандидатурам қаралғанда, “Даниярдың мінезі жұмсақ” - деп айтады екен. Мәселе жұмсақтықта емес, біліктілікте деп білемін. Оның үстіне, агрессия қаптаған біздің қоғамда жетіспей тұрғаны - сол гуманизм мен кәсібилік емес пе? Идея көп. Нағыз тау қопаратын жастамын. Керемет контент ұсынар едім», - деді Данияр Есен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024