жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сахнамызда әлі халтура жүр». Филармония әншісі Ұланғасыр Қамиевтің әнін сынап тастады

«Сахнамызда әлі халтура жүр». Филармония әншісі Ұланғасыр Қамиевтің әнін сынап тастады
Коллаж: jambylinfo.kz
Ұланғасыр Қамиев болса Ақмарал Ноғайбаева той әншілерінің гонорарын көре алмайды деп санайды

«Бес жұлдыз» бағдарламасында өнер көрсеткен Ұланғасыр Қамиев пен филармония әртісі Ақмарал Ноғайбаева арасында конфликт орнады: Ноғайбаеваның айтуынша, қазір әртістер сахнаны «халтураға» айналдырған, деп жазады jambylinfo.kz.

«Бес жұлдыз» бағдарламасында ән салған әнші Ұланғасыр Қамиевтің өнері қазылар алқасына ұнамай қалған. Продюсер Нұргүл Нұғманова оның шығармасын «тойдың әні» десе, Ақмарал Ноғайбаева «қазір сахнада халтура толып кеткен» деді Қамиевке қарата айтқан сөзінде.

Бір күннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше видео жүктеген Қамиев олардың өздеріне сынмен жауап берді.

 «Тойдың несі жаман? Той болып жатса Қазақстанымыз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр деген сөз. Тойды қысқарту керек деген адамдарды да түсінбеймін. Қысқартсаңыз – өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Басқасы кредит алып жатса өзінің проблемасы ғой. Әркім өзі біледі, өз шаруасы», - деді Қамиев.

Ал, «тойдың әні тойда ғана айтылу керек. Сахнаның қадір-қасиетін қашырмайық. Біздің сахнамызда әлі халтура жүр» деген Ноғайбаеваның сөзіне жауап берген Қамиев оны әншілердің гонорарын көре алмайды деп сынады.

«Егер сіздің де той туралы бір әніңіз хит болып кетсе, халық сол әнге билеп жатса, сіз бұлай айтпас едіңіз. Бұл әншілердің гонорарын көре алмайтын жанның әңгімесі», – дейді Ұланғасыр Қами. 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар