Таразда нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында “Есірткіге қарсы би!" ұранымен би фестивалі өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Фестивалге қатысқан 13 команда ұлттық, эстрадалық, заманауи би түрлерін қойған.
Бишілердің өнеріне "Жас дәурен" балалар хореографиялық ансамблінің балетмейстері Салтанат Тоғжігітова, "Riverdance" спорттық бал би ансамблінің көркемдік жетекшісі Инна Шкильная, спорттық бал билері бойынша халықаралық деңгейдегі төреші, "ANGIL" би-спорт клубының жетекшісі Серж Аванесовтер баға берген.
Фестиваль қорытындысы бойынша "Bronx", "Energy girls" командалары бас жүлдені жеңіп алса, өзге командаларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды
«Барлық командалар жарқын және есте қаларлық шоу көрсетті. Болашақта да осындай ауқымды іс-шаралар өткізетін боламыз. Біздің мақсатымыз – балаларға би, спорт және белсенді және салауатты өмір салты жаман әдеттерге ең жақсы тойтарыс екенін жеткізу», - деп атап өтті полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024