сенбі, 21 желтоқсан, 2024 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баталов Бишімбаев ісінен кейін алғаш рет публикаға шықты

Баталов Бишімбаев ісінен кейін алғаш рет публикаға шықты
Сурет: видеодан скриншот
Райымбек Баталовтың есімі Бишімбаев ісінен кейін танымал бола түсті

Райымбек Баталовтың есімі Бишімбаев ісінен кейін танымал бола түсті«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың ісінен кейін алғаш рет публика алдына шығып, өз құзіреті аясында сұхбат берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Күні кеше Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов "Атамекен" ҰКП басшысы Райымбек Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Шағын құрамда өткен кездесуге БАҚ құралдары қатыспаған. Қаржы мониторинг агенттігі шарадан кейін баспасөз релизін таратып, Баталовтың сөзін жіберді.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында есімі айтылғаннан бері Райымбек Баталов публикалық шараларға қатыспаған. Тек әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы бейнеүндеу жариялап, Бишімбаевтың өзіне жала жабуы сандырақ деген еді.

Ал кешегі кездесуде ол бизнестің мүддесі қорғалып, аймақтарға ерекше назар аударылатынын айтқан.

«Біз белгілі бір қорытындыларды жариялап, алдағы уақытқа жоспар құрдық. Әрине аймақтарда көп мәселелер ар. Бұл кездесуге барлық өңірлердің өкілдері қатысты. Сұрақ көп. Дегенмен, жұмыс жүріп жатқаны анық, бірақ, әрине барлық мәселе шешіле қойды деп айта алмаймыз. Негізгі фокусты аймақтарға аударамыз. Көлеңкелі экономикаға назар аударамыз. Біз таза бизнеске мүдделіміз. Біз үшін бұл жұмыстың тоқтамағаны маңызды. Әрине, бизнесті қорғау, бизнестің мүддесін ескереміз», - деді Баталов.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар