Малайзия Премьер-министрі Қазақстан президентіне торт сыйлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақорда хабарлағандай, Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтаған және оған торт сыйлаған.
Ақорда әлеуметтік желідегі парақшасына әуежайдан суреттер жариялай отырып, торттың суретін де көрсеткен. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Демалыс күндері Таразда жәрмеңке өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Саясат
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






