сенбі, 23 қараша, 2024 9:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бейбітшілік пен келісім" ұйыстырар ел ішін

"Бейбітшілік пен келісім" ұйыстырар ел ішін
ашық дереккөзі
"Бейбітшілік пен келісім" ұйыстырар ел ішін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жамбыл облысы әкімдігі жыл басында «Бейбітшілік пен келісім» жобасын әзірленген еді. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік тұрмыстық мәселелерді шешу, ауылда бизнесті дамыту, діни түйткілдерді зерделеу және құқық қорғау саласын дамыту. Ең алғаш  ақпараттық топ 12-16 наурыз аралығында Қордай ауданында  арнайы жұмыстар жүргізген болса, 7-23  қыркүйек аралығында түсіндіру тобы  Шу, Меркі, Жамбыл, Байзақ және Қордай аудандарына ат басын бұрды. Міне, осы есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың қорытындысы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында шығарылды.

 width=

Басқосуда  алғашқы болып сөз алған облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов ақпараттық топтың негізгі жұмысына тоқталып өтті.

– Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы бес бағыт бойынша өрбіді. Бұл бағыттар арқылы арнайы әзірленген Жол картасының 89 тармағының 27-ін орындадық. Қалғандары жыл соңына дейін діттеген межесіне жетеді деп күтілуде.

7-23 қыркүйек аралығын қамтығын іссапарымыздың барысында 291 шара ұйымдастырылып, оған 7 929 адам тартылды. Түрлі эстнос өкілдерімен кездесу кезінде 85 азаматтың 45 өтініші сол жерде шешілді. Қалғандары хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

Аудандардың бөлінісіне келер болсақ, Байзақ ауданы Бурыл ауылында ұлттар арасында болған қақтығыстан кейін өзге ұлт өкілдерінің арасында  елді мекеннен қоныс аударуға ниеттілердің бар екені  байқалды.

Жамбыл ауданында жұртшылықтың ғаламтордың жылдамдығының аздығына шағымданып, мал жайылымының да жетіспейтіндігін сөз етті.

Қордай ауданында жағдай қалыпты дегенімізбен, қақтығыстан кейін үрейленіп қалған халықта әлі болса қорқыныш басым. Балаларын әскерге жібергенге жүрексінеді.

Меркіде жастар жұмыссыздығы мен дәрігер тапшылығы туындап отыр. Этникалық кемсітулер де кезігеді.

Шуда өзге ұлт өкілдері арасында тіл мәселесі өзекті болып тұр. Міне, осы жайттардың барлығын жіті зерделеп, бұқараға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Енді «Бейбітшілік пен келісім» жобасына енбеген Талас пен Сарысу аудандарында ақпараттық топтың жұмысын жалғастыруды ұсынамын, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

 width=

Баяндама тыңдалғаннан кейін аймақ басшысы басқарма басшысына жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі қаншалықты көрініп жатқанын сұрады. Дауыл Бейсенқұлов қазірдің өзінде жобаның жемісі көрініп, іссапарлар арқылы аудандар мен ауылдардағы негізгі мәселер айқындалғанын тілге тиек етіп, енді осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін айтты.

Басқосуда бұдан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау, дін мәселесі, құқық қорғау саласы, әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жүргізген топ жетекшілерінің де баяндамасы тыңдалып, аймақ басшысы әр бағыт бойынша нақты тапсырмаларын берді.

Ал жиын соңында ішкі саясат басқармасының ұсынысын қолдап, ақпараттық топтың келесі бағытын Сарысу мен Талас ауданына бұруға келісімін берді.

 width=

 

Саян Тілеужан

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар