жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 11:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бейшараның күнін кешіп жүр": депутат Сейсмология институтын ғылым министрлігіне беруді ұсынды

"Бейшараның күнін кешіп жүр": депутат Сейсмология институтын ғылым министрлігіне беруді ұсынды
Коллаж: jambylinfo.kz
Қазір Алматыдағы Сейсмология институты төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағында

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы сейсмология институтын ғылым және жоғары білім министрлігіне беруді ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Базарбек жуырда Алматыда Сейсмология институтының ғылыми қызметкерлерімен кездескен. Айтуынша, институт қызметкерлерінің жағдайы мәз емес. 


"Іс жүзінде Сейсомология институтының ғылыми қызметкерлері бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобалары қабылданбайды, ғылыми жобаны министрлікке жіберсе, олар қайтарып жібереді. Бүкіл қаржыландырудан кесіп тастап жатыр.  Айлығын да алмайды. Міне, сондай дәрежеге жетіп отыр. Ал сейсмостанциялардың өзі қаңылтыр темір, оны музейге де қабылдамайды. Міне сейсмоқауіпсіздіктің жай күйі осы", - деп қапаланды мәжілісмен. 


Ол қазір Сейссмология институты төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағында екенін атап өтті. 


"Сейсмолог ғалымдардың пікірінше, бұл қателік. Оны ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтару керек. Бұған қалай қарайсыз?", - деп сұрады Базарбек. 


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қаражат жетіспейтінін жоққа шығармады. 

"Сейсмология институты қазір ТЖ министрлігінің құзыретінде. Өкінішке қарай, ол дұрыс емес айтуға, бірақ толыққанды қаржыландыру жоқ, бізде де олардың ішкі процедураларын қолдауға мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан қайтарылса, біз қарсы болмаймыз. Бірақ биыл сейсмология институтына үлкен нысаналы грант беріп отырмыз . 3,5 млрд теңге көлемінде бекітілді. 
Қазір олардың бүкіл өтінімін пысықтап, министрліктпен бекітіп, үкімет жанындағы жоғары технологиялық комиссиясының отырысына шығарамыз. Менің жеке пікірім, берілгені дұрыс болады", - деп жауап берді министр.


Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Алматыда қатты жер сілкінісі болды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар