Бишімбаевта бәрі бар, бірақ жүрек жоқ – прокурор Айжан Аймағанова
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 мамыр, 2024
- 698
Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі басталды, деп хабарлады jambylinfo.kz.
Прокурор Айжан Аймағанова азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу дәлелдеген дәйектерді тағы да жіпке тізді. Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі оның марқұм Нүкенованың өліміне кінәлі екенін айғақтап берген.
«Тергеу барысында көп нәрсеге көз жеткіздік. Марқұм Салтанаттың Бишімбаевтан психологиялық, материалдық, физикалық қысым көргені дәлелденді. Тіпті Бишімбаев Салтанатқа түнімен ұйқы бермеген түндері де болған. Оған түнгі уақытта үздіксіз хабарлама жіберген. Сот сараптамасының өзі Нүкенованың ауыр соққыдан көз жұмғанын дәлелдеп берді. Былай қарасаңыздар, Бишімбаев та бәрі бар: интеллектісі бар, түрі бар...Бірақ оның жүрегі жоқ. Себебі, оның жүзінде өкініштің ешқандай табы жоқ", - деді прокурор.
Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот тергеуі 2024 жылдың 24 сәуірінде аяқталған. Ал бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз өтіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024