сенбі, 6 желтоқсан, 2025 15:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің көп бөлігінде қар жауады

Еліміздің көп бөлігінде қар жауады
istockphoto.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Қазақстанның басым бөлігінде жақын күндері атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда жаяу бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.

Кезеңнің соңына қарай ел аумағына Жаңа Жер аралдары маңынан арктикалық антициклон жылжып келеді. Ол алдымен батыс өңірге жетіп, кейін республиканың өзге аймақтарына таралады. Ауа массаларының ауысуы салдарынан температура айтарлықтай төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша, 8 желтоқсанда солтүстік-батыс облыстарда күн суытып, 5–13 градус аяз болады. Солтүстік өңірлерде аяз күшейіп, 10–15 градусқа дейін төмендейді. Алдағы күндері бұл көрсеткіш одан әрі төмендеуі мүмкін.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар