Ерсайын Нағаспаев утильалымға қатысты пікір білдірді
- авторБақытжан Бекболат
- 27 мамыр, 2025
- 602

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Үкімет мүшесі, министр ретінде позициям Үкіметтікімен үндеседі. Сондықтан ешқандай өзгерістер болмайды", - деді Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Сондай-ақ министрлік өкілдері еліміздегі отандық автокөлік өндірісі мен қолжетімділік жайлы мәлімет берді.
Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың айтуынша, Қазақстанда автокөлік шығаратын 8 өнеркәсіптік кешен бар, оның ішінде Қостанай мен Алматыда орналасқан екеуі жеңіл көлікке маманданған. 2024 жылы жеңіл көлік өндірісі 134 мыңға жеткен.
"Қазіргі таңда ең төменгі санаттағы автокөлік құны 6 млн теңгеге жуық. Жалақы мәселесі біздің министрліктің тікелей құзыретіне кірмейді. Бірақ математикалық тұрғыдан алсаңыз, 6 млн теңгені 85 мың теңгеге бөлесіз ғой", - деді Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.