«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде 61 студент білім алуда
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2020
- 624
Бүгінде еліміз бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 1 университет, 1 имамдардың білімін жетілдіру институты, 9 медресе, 2 қарилар орталығы жұмыс істейді. Ал биылдан бастап бұл діни оқу орындары тағы бір колледжбен толықты. Облыстық «Һибатулла Тарази» медресесі медресе-колледж статусын алып, қазіргі таңда онда еліміздің басқа өңірлерінде қызмет етіп жүрген білімді, тәжірибелі ұстаздар сабақ беруде.
Биыл шілде айында білім ордасы мемлекеттік лицензияға ие болып, білім нысаны жанынан жаңа жатақхана, спорт зал сынды ғимарат тұрғызылды. Медресе-колледжде оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды. Мұндағы оқу, маман даярлау үдерісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген және еліміздің Білім және ғылым министрлігімен келісілген экспериментальды оқу жоспарының негізінде жүргізілуде. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар зайырлы пәндер де енгізілген. – Қазіргі таңда дәрістеріміз онлайн режимде өтуде. Дәлірек айтсақ, білім басқармасы жанынан ашылған tipo.kz деген платформада онлайн дәріс беріледі. Биыл 4 ұстаз жұмысқа қабылданып, дәріс беріп жатыр. Олар өзіміздің елде және шетелде оқып, білім алып келген ұстаздар. Жаңа оқу жылында 24 бала оқуға қабылданды. Жалпы 1, 2, 3 курста 61 білімгер оқиды. Осы уақытқа дейін 11 сынып бітірген талапкерлерді қабылдап оқытсақ, келер жылдан бастап 9 сыныптан кейінгі түлектерді қабылдамақпыз, – дейді колледж директоры Қанат Жұмағұлов. «Һибатулла Тарази» медресесі талапкерлерге есігін алғаш рет 2012 жылы ашқан болатын. Осы уақытқа дейін білімі мен біліктілігі келіскен исламтанушы, имам хатиб мамандарды даярлап шығарды. Сол жастардың басын біріктіріп, көне қаланың рухани орталығының статусын қайта жандандыру үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің бастамасымен өңірден шыққан дін мамандары Тараз қаласына қайта жиналып, ұстаздар тобы құрылды. Діни басқарма жолдаған шетелдік Әл-Азһар университеті, Хасеки жоғары академиясы, отандық Нұр-Мүбәрак университеті сынды өзге оқу орындарынан алған білімімен, іс-тәжірибесімен бөлісіп, қара шаңырақтың діни білімін көтеруге атсалысу, балаларға сауатты білім беріп, облыстың діни әлеуетін көтеру мақсатында өңірге оралған мамандар білім бөлімінің басшылығына, директордың орынбасары, ұстаз, тәрбиеші қызметтеріне тағайындалды. Осылайша іс-тәжірибесі мол, жат ағыммен күрес бағытында белсенді жұмыс жүргізген, Қазақстанның басқа да колледж-медреселерінде білім беріп, әбден ысылған, білікті де, білімді мамандар өңір жастарын діни біліммен сусындатпақ.
Айжан Өзбековаjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жас ғалымның жеті ұсынысы
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024