Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова әлеуметтік желілерде қазақша музыканың жоғалып кету жағдайына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ботагөз Жақселекова бұл жағдайдың себебі - Meta мен қазақстандық Құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының (ҚҰБҰ) бірінің арасындағы келісімнің болмауы екенін айтты.
"Meta мен қазақстандық авторлар арасындағы қатынастар көптеген авторлардың болуына байланысты құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары арқылы реттеледі. Meta мен біздің бір ҚҰБҰ арасында келісім жасалған болатын, бірақ қарашаның аяғында келісімді ұзарту барысында тараптар өзара түсіністікке келе алмады. Бұл мәселе тарифтік мөлшерлемелер мен сыйақы төлеу көлеміне қатысты болды. Сол себепті келісім ұзартылған жоқ. Біз осы дауды шешуге тырыстық, бірақ нәтижеге жете алмадық, өйткені бір ҚҰБҰ-ның өз ұстанымы бар, ол кей жерлерде ымыраға келмейді, ал Meta да өз талаптарынан бас тартпайды", – деді Жақселекова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 13 жылдан астам жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 10 желтоқсан, 2024