сенбі, 23 қараша, 2024 4:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда

Көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда
ашық дереккөзі
Көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда
Қоғамдық қабылдаулар күрмеулі мәселелерді шешуге көмектеседі. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу. Іс-шара билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу, кеңестер беру, ақпараттандыру мақсатын көздеді. Қабылдауға Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов және басқа да аудандық құрылымдар қатысты. Ізгі шара аясында Ұйым ауылының тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Айта кетейік, көшпелі қоғамдық қабылдау билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындарының көтерген әртүрлі өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен қажетті жауаптарын ала-алды. Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында аудан әкімі мен аудан әкімдігінің бөлімдері 13 азаматты қабылдап, оның ішінде 9 мәселе бойынша түсініктеме берілді, 2 сұрақ шешімін тапты, 3 сұрақ бақылауға алынды. Жиында қойылған сұрақтардың бәрі хаттамаға түртіп алынды. Күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. Дәл мұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын тауып, басқа да ауылдық округтерде өткізілетін болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар