«Каринаны өлтіріп кетеміз». Дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш тосын мәлімдеме жасады
- авторИндира Тәліпқызы
- 4 маусым, 2024
- 942
Біріккен Араб Әмірліктерінде елшінің кеңесшісі болып жұмыс істеген Сәкен Мамаштан 10 жыл бойы қорлық көрдім деген Карина Мамаш тағы да видео мәлімдеме жасап, күйеунің туыстары жақындарына тыныштық бермей жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Видеода ол күйеуі Сәкен Мамаштың туыстары оның әжесіне хат жазып, қоқан-лоқы көрсеткен.
«Олар менің әжеме кеш болмай тұрғанда арызымды қайтарып алсын, әйтпесе жаман болатынын айтқан. Сәкеннің Қазақстан бойынша таныстары көбін алға тартып, олар мені өлтіретінін немесе мүгедек қылады деп қорқытқан», - дейді Карина Мамаш.
Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштың 10 жыл бойы ұрып-соққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған болатын. Оның даулы видео үндеуінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылып, үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024